Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: 76 МОБИЛЬДІ БРИГАДА ЖАСАҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ: 76 МОБИЛЬДІ БРИГАДА ЖАСАҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай әзірге тұрақты. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Қошқарұлы және қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Сансызбайқызының қатысуымен қаладағы эпидемиологиялық ахуал мен коронавирус инфекциясына қарсы жүргізіліп жатқан вакцинация, ревакцинация жұмыстары бойынша өткен баспасөз брифингте мәлім болды.
– Жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 7 744 науқас анықталды. Емделіп шыққан науқастардың саны 6 991. Ал соңғы 10 күнде COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 686 жағдайы (31 стационарлық ем қабылдауда, 655 амбулаторлық бақылауда) тіркелді. Соңғы тәуілікте 66 жағдай (51 симптоммен, 15 симптомсыз), — деді Әбдіманап Төлебаев.
Спикердің сөзінше, вакцинация бойынша қалада 45 екпе нысаны бар. 1-ші компонентпен 619 490 адам, 2-ші компонентпен 607 859 азаматқа егілді. Бүгінгі күні тиісті контингенттің (596205 адам) 1-ші компонентпен 105%, 2-компонентпен 101% вакцинацияланды.
Шымкент қаласының тұрғындарына вакцинаның үшінші дозасымен бүгінге 354 719 адам (59%) ревакцинацияланды (жоспар 596 205), төртінші дозасымен 15 032 адам (94%) қайта ревакцинацияланды (жоспар 15 928).
Сонымен қатар, бастапқы медициналық көмек бойынша 43 емханада 76 мобилді бригада жасақталған және 137 мобилді бригада резервте.
Соңғы тәулікте 101 науқасқа үйде медициналық көмек көрсетіліп, 1376-ы науқасқа қонырау соғылды. Олар: КВИ, ОРВИ, пневмониямен ауратын және коронавирустық инфекцияны жұқтырған адаммен байланыста болған азаматтар.
Қалалық жұқпалы аурулар ауруханада 100 төсек-орын жасақталып тұр. Қазіргі таңда 31 азамат стационарлық емделуде. Төсек-орын толымдылығы 31% құрайды, 69 төсек орын бос. Жансақтау бөлімінде 15 төсек орын бар. Қазіргі таңда 3 науқас ем қабылдауда, 12 төсек орын бос.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*