Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 17 КӨШЕ ЖӨНДЕЛІП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 17 КӨШЕ ЖӨНДЕЛІП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Қайнарбұлақ тұрғын алабына арнайы барып, инфрақұрылыммен қамту, атап айтқанда ауыз су тарту жұмыстарын тексерді.
Құрылыс толығымен келер жыл соңына дейін аяқталмақ.
Ал, табиғи газ жүйесінің құрылысы биыл басталады. Қазір мердігерді анықтау мақсатында конкурс өткізілуде.
Биыл мемлекеттік — жекеменшік әріптестік аясында Степная, Бөлешов, №125 мектеп көшелері жарықтандырылады.
Қала әкімі құрылыс жұмыстарындағы кемшіліктерді дер кезінде түзетіп, жұмыс сапасын үнемі бақылап отыруды аудан әкіміне жүктеді.
Қазіргі таңда Шымкентте Қаратау ауданы аумағында жоспарланған 48 көшенің бүгінде 17-інде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
Атап айтқанда, Қызылсу тұрғын алабы аумағындағы Гүлистанның 8 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Аталмыш көшелердің жалпы ұзындығы 6,7 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, орташа жөндеуден өткен Жаңақұрылыс № 2,3 көшелерінің ұзындығы — 1,3 шақырым.
Сонымен бірге, Сайрам тұрғын алабындағы Сыдыхан ата, Мүслім төбе, Тектұрмас, Тиллаходжаев көшелерінде асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары аяқталды.
Асар-2 шағын ауданындағы №1,2 көшелері орташа жөндеуден өтіп, бүгінде ел игілігіне пайдалануға берілді.
Өтеміс шағын ауданы аумағындағы Д.Қонааев және Өжен көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
Достық тұрғын алабындағы Ынтымақ көшесі, Омарташы көшесінің жалғасы, тұйығы және Абдиров көшелерінің жолдары жөнделді.
Ұзындығы 1,4 шақырымды құрайтын Ақжайық шағын ауданының аумағындағы Қамбар батыр көшесінің орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
Қайнар бұлақ тұрғын алабының Русские березки көшесінің жол құрылыс жұмыстары аяқталды, ұзындығы 2 шақырымды құрайды.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2022 жылы жоспарланған 308 көшенің бүгінгі таңда 155 шақырым болатын 190 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталды. Ал, қалған көшелерді 2022 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*