Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫНА ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАР САРАЛАНАДЫ

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫНА ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАР САРАЛАНАДЫ

Шымкент қаласы бас жоспарының жобасын қоғамдық талқылауда 149 ұсыныс түскен, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Шымкент келбеті газетіне сілтеме жасап.

Олардың арасында инженерлік жабдықтау, қоғамдық көлікті дамыту, қала аумағын абаттандыру, мектеп, балабақша, емхана мен спорт және демалыс орындарын салу мәселелері бар.

Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Пернебайұлы Исаховтың айтуынша, барлық ұсыныстар сараланып, құзырлы мемлекеттік органдармен келісіледі. Ең тиімді ұсыныстар бойынша бас жоспардың жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Нәтижесінде жыл соңына дейін қаланың жаңа бас жоспары толық әзірленіп, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің келісімінен кейін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

Айта кетейік, бас жоспарды әзірлеу үшін 2021 жылы «Градкомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы арасында келісімшарт түзілген. Құжатты әзірлеуге Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінен көлік инфрақұрылымы бойынша үздік мамандар, сәулет және құрылысы саласындағы ғалымдар мен бас жоспар әзірлеу жөнінде мол тәжірибеге ие сарапшылар шақырылды.

Сонымен қатар, олар қаланың шекараларын айқындап, аумақтық даму схемаларын, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау және пайдалану тұжырымдамасын, орталықтарды, өндіріс орындарын, селитебті және рекреациялық аймақтарды орналастыру жобасын әзірлеген. Сонымен қатар көлік инфрақұрылымын дамыту ұстанымдары, соның ішінде жаңа әуежайдың, теміржол вокзалының, автобекеттің орналасатын орындарын анықтап, экономикалық кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, экологиялық жағдайды жақсарту бойынша концептуалды ұсыныстар әзірлеген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*