Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАРАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАРАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Қаратау ауданы тұрғындарына 6 айда атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, мәселелерін тыңдады, деп жазады «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz. Есепті кездесуге зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдары мен басқарма басшылары қатысты.
Президент Жарлығына сәйкес, қала әкімі тоқсан сайын тұрақты кездесулер өткізуде. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында тұрғын алаптар мен шағынаудандарды аралап, кездесулер барысында тұрғындардан 874 ұсыныс-пікір түскен. Бүгінде оның 374-і шешімін тауып, 336-ы орындалу барысында.
Шаһар басшысы 6 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарларды баяндады. Әлеуметтік-экономикалық даму мен инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылу жұмыстарының барысынан хабардар етті.
— Тұрғындардың ең көп көтеретін мәселесі- инфрақұрылым. Даму жоспарына сәйкес, бұл бағытта жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. 2023 жылы ауыз су, 2025 жылы электр жарығы, табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары толық шешімін табады. Кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетпек, — деді қала әкімі.
Қаратау ауданында 265 мыңнан аса тұрғын қоныстанған. Аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов халық саны жыл сайын 15-20 мыңға артып жатқанын атап өтті. Қалада жалпы құрылыс жұмыстарының 50 пайыздан астамы Қаратау ауданында жүргізілуде.
Кездесуде тұрғындар жалпы инфрақұрылыммен қамту, жерді заңдастыру, қоғамдық көлік және аулаларды абаттандыру, көшелерге ат беру, тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту сынды мәселелерін айтты.
Шаhар басшысы әр тұрғынның мәселесін тыңдап, нақты жауаптар берді. Тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*