Мақтаарал ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын ұрлық жайтының құрбаны болғандығы жөнінде арызданып келген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша түнгі уақытта ауласында орналасқан сарай ішіне белгісіз азамат кіріп, 1 дана бұрғылағыш құралын, 200 дана «Комбайн» жүк көлігінің бөлшек жабдықтарын, сондай-ақ 120 дана балаларға арналған жаялықтарын жымқырып кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 450 000 теңгеге жуық. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы, яғни «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді.
Хабар алысымен аталған қылмысты ашу мақсатында мақтааралдық тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер қажетті іс-шаралар кешенін жүргізіп, жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары тыңғылықты жүргізілген істің нәтижесінде, жан-жақты жинақталған мәліметтерді саралай келе, аталған іске күдікті ретінде бұрын сотты болған ер азамат ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Белгілі болғандай күдікті оңай жолмен ақша табуды көздеген. Осылайша алдын-ала жоспарлап жәбірленушінің үйіне ұрлыққа түскен. Қолды болған заттарды үйіне тығып сатпақ болған. Бүгінде қолды болған заттар заңды иесіне қайтарылды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және өз үйлерін қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. Егер, сіз, ұрлық жайтының құрбаны немесе куәсі болсаңыз бірден 102 нөміріне хабарласыңыз, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.