Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Сайрамдық сақшылар арбат аумағына рейд жүргізіп, 6 жүргізушіні жауапқа тартты

Сайрамдық сақшылар арбат аумағына рейд жүргізіп, 6 жүргізушіні жауапқа тартты

Сайрамдық сақшылар арбат аумағына рейд жүргізіп, 6 жүргізушіні жауапқа тартты, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сайрам аудандық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері адамдар көп шоғырланатын аймақтарда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін рейдтік-профилактикалық шара ұйымдастырды. Әсіресе Ақсукент ауылы Абылайхан көшесінде орналасқан Арбат демалыс аймағы жанында қауіпсіздікті қадағалады.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін орнатылған «сағат 20:00 — 06:00 аралығында көліктердің жүруіне тыйым салынады» деген жол белгісі мен шлагбаумға қарамай, арбатқа кіріп, жол ережесін бұзғандарды анықтады. Бұл жүргізушілерге қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабымен «Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау» 6 хаттама толтырылды.

Сайрам аудандық Полиция басқармасының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының үш тәулігінде 245 (екі жүз қырық бес) әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 615-бабы «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша 21 жайт, ал 606-бабы «Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы» бойынша 2 жайт, сондай-ақ,  600-бап «Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу» бойынша 2 жайт, ал 591-баппен « Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы» 9 құқық бұзушылық тіркеді. Сонымен қатар, оларға қатысты хаттама толтырды.

Сондықтан полицейлер көлік тізгіндегенде жол бойына, көшелерге орнатылған барлық жол белгілеріне назар аударуды, жол қозғалысы ережесін сақтауды қатаң ескертеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*