Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЗАБАДАМ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЗАБАДАМ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің, Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері, «ЕураАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторы Забадам тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді.
Ашық форматта өткен кездесуде қоғам тұрақтылығын сақтау, елдің ішкі бірлігін нығайту, өзара сыйластықты арттыру, жастар арасындағы тәрбие, жастардың әскери борышты өтеуі, отансүйгіштікке баулу мәселелері айтылып, өзара пікір алмасулар жасалды.
Сондай-ақ, қандай да бір дау-жанжалдар орын алған жағдайда медиативті тәсілдер қолдану ұсынылды.
Медиация дегеніміз не? Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі.
Мәселелерді шешуге бағытталған медиация. Ерекшелігі: адамдардың позициясына емес, жеке мүдделірне назар аударады. Трансформациялық медиация. Қатысушылар медиация барысын өз бетінше анықтайды, ал медиатор оларды бақылайды. Тараптар арасындағы қарым-қатынасқа назар аударылады. Негізгі міндеті екі жақтың бір-бірін тыңдауы болып табылады, бұл қатысушыларға өзара түсіністікке келуге көмектеседі. Баяндау тәсілі — диалог барысында медиаторлар мен қақтығыс тараптары бір-біріне тұрақты әсер етеді. Қатысушылар болып жатқан жайтқа өз көзқарастарын білдіреді, бірте-бірте келісімге келеді. Экожүйе немесе отбасына бағытталған медиация. Отбасылық жанжалдарды шешуге қолайлы. Негізгі міндет — отбасыларға қиындықтарды жеңуге және балалармен қарым-қатынасты сақтауға көмектесу. Мәдениетаралық қақтығыстарға, әртүрлі ұрпақ өкілдері арасындағы дауларға да қатысты. Түсіністікке бағытталған медиация. Негізгі мақсат –екі жақтың өз көзқарастарын, басымдықтары мен мүдделерін және басқа да тараптарды түсіну арқылы дауды шешу. Қалпына келтіруші медиация. Диалог үшін жағдай жасауға бағытталған, онда қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік қатысушы тараптарға жүктеледі. Бұл қарым-қатынастарды қалпына келтіруге және бір шешімге келуге ықпал етеді. Медиатордың міндеті – татуластыру емес, тараптардың өздерінің татуласуына алып келетіндей жағдай жасау. Бағалаушы медиация. Медиатор процеске әсер етеді, болып жатқан жағдайды бағалайды және нәтижеге әсер етеді, қажет болған жағдайда дауды шешудің өзіндік нұсқаларын ұсынады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*