Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Ауласында сора егіп, есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Ауласында сора егіп, есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында рейд жүргізіп, есірткі заттарын жойды. Толығырақ айтар болсақ, учаскелік полиция инспекторларымен жүргізілген тексеру кезінде жергілікті тұрғынның ауласында ірі мөлшерде есірткіге ұқсас зат өсіретіндігі анықталып, 102-ге хабарланады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша тіркеуге алынып, полицейлер оқиға орнына шықты.

Күдікті тұрғынның ауласына тінту жүргізген полицейлер, 19 түп күтіп-баптап өсірілген есірткі затына ұқсас өсімдік пен кептірілген жайылып есірткі секілді ұнтақ тапты. Сондай-ақ есірткі қолдануға арналған арнайы бөтелкеден қолдан жасалған құрал тәркіленіп алынды. Алынған заттарға сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысымен өсімдік түптері 3,5 келіге жуық сора, ал кептірілгені «марихуана» болып шықты.

Сұрастыру барысында тұрғын есірткі заттарын өзі қолдану мақсатында өсіргенін мойындады. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» мен ҚК 296-бабына «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» сәйкес тергеу әрекеттері жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері заңмен тыйым салынған есірткі заттарын қолдану, сақтау, оны сатудың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық  іс-шарасы кезінде тұрғынның өз ауласына есірткі өсіргендігін анықтады. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп өсіру» бойынша тіркеуге алды.

Полицейлер   орта жастағы ер адамның үйіне барып, оның ауласын тінту кезінде егістік алқаптан заңсыз есірткі затына ұқсас өсімдікті тапты. Оны айғақты зат ретінде алып, сараптамаға жолдады. Нәтижесінде алынған заттың «сора» есірткісі екендігі анықталды. Қазіргі таңда күдікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*