Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» жастар мен жасөспірімдер арасында мазасыздық деңгейін диагностикалау, АРТ-терапиялық, психологиялық әдістемелер бойынша семинар-тренинг өтті.
Бұл әдіс қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін де қолданылады. Өзін-өзі бағалауды арттырудың және өзіне деген сенімін нығайтудың тамаша құралы болып табылады. Бұны топтық ынтымақтастықты дамытуда қолданылады ол балаға өзі сөзбен жеткізе алмайтын немесе дауыстап айта алмайтын нәрсесін білдіруіне көмектеседі.
Жалпы арт-терапия деп психоэмоционалды жағдайға әсер ету мақсатындағы визуалды шығармашылықпен терапияны атайды. Арт терапияны бірінші кіші топта аптасына бір рет және екінші кіші топта аптасына бір рет өткізген дұрыс. Балалардың қызығушылығын жоғалтпау үшін сабақтарды ұзаққа созбаған жөн. Арт терапияның ұзақтығы 10-нан 25 минутқа дейін болуы мүмкін. Тәрбиешілер балаларды мадақтауды ұмытпай, оларға әр түрлі көмек көрсетуі керек.

Біздің болашағымыз – өскелең ұрпақ. Сондықтан бүгінгі жастар үнемі қоғамның назарында болуы тиіс. Олардың қай жағынан болсын жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

Өмір тарам-тарам жол іспетті өте күрделі. Соқпағы көп өмірде жұмыр басты пенде түрлі қиындықтарға тап болуы мүмкін. Оны жеңіп шығу үшін, әрине, күш-қайратын, психологиялық тұрғыда мықты болу керек. Сондықтан өскелең ұрпақтың ой-өрісін дамытып, білімді болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, психологиялық жағынан да даярлауды қарастырған жөн.

Іс-шара «Кәмелетке толмағандарды биімдеу орталығының» жасөспірімдер арасында өткізілді. Онда қатысушылар түрлі ойындар ойнап, өз ойларын ортаға салып жан-жақты өзін-өзі дамыта білді.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*