Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » «Жол қауіпсіздігі» тақырыбындағы тікелей эфир барысы

«Жол қауіпсіздігі» тақырыбындағы тікелей эфир барысы

Түркістан облысы Полиция Департаменті баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен тікелей эфирде кей жағдайларда қараусыз жүрген үй жануарлары да жол апатының себепшісі болып жатады. Мысалы 2022 жылдың 6 айында облыс жолдарында тұрғындардың бос жіберген малдарының салдарынан 23 адам жарақат алып, 6 адам қаза болған. 3635 мал иелері Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 408-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды»-деп атап өтті.

Ал жол-техникалық инспекциясы бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Д.Мырзабеков: «2022 жылдың І, ІІ-тоқсанында Түркістан облысы Полиция департаменті мен автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалдау бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе көшелерде тексеріс-зерделеу жұмыстарын жүргізуде.

Мәселен осындай жұмыстардың нәтижесінде, Түркістан қаласында жол инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар дайындалып, жазбаша ұйғарымдармен орындау үшін жергілікті әкімдікке жолданды. Оның ішінде қосымша 7 бағдаршам нысанын орнату қажеттілігі анықталып, ұсыныс берілген. Қалаішілік орталық көшелерге 100 дана аялдама павильонын орнату жоспарланып, осы аялдамалардың эскиз жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

796 дана жол белгілерін орнату жоспарланып, 2022 жылдың 5 айында, полиция тарапынан берілген нұсқамаға сәйкес, 565 дана жол белгілерін ауыстыру, жаңарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 2022 жылдың ерте көктемінде Түркістан қаласындағы 34 мектептің 32-сі алдындағы жүргіншілер өткелдері қайта сызылып жаңартылды.

Теміржол вокзалы әуежай маңындағы жүргіншілер өткелі де қайта сызылды. Түркістан қаласының 9 орталық көшелеріндегі шаң басып көрінуі нашарлаған жол таңбалары, арнайы техникаларды жұмылдыра отырып, шаң тозаңнан тазартылып сүртілді»-деп атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті. Осылайша сұқбат барысында облыс көлемінде атқарылып жатқан тындырымды тірліктер айтылды.

Өз кезегінде желі қолданушылары да жазбаша түрде 50-ден астам сауалдарын жолдап, көкейтесті сұрақтарына жауап алды. Полиция мен халық арасындағы кері байланысты нығайтып, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында өткізілген бұл шара алдағы уақытта да түрлі тақырыптарда жалғасын табатын болады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*