Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі

Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау аясында, жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді.
Бүгін 20-дан аса азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдаған еліміздің бас дәрігері Шымкент қаласындағы іс-сапарын Медициналық академияның мәжіліс заңында БАҚ өкілдеріне брифинг берумен қорытындылады.
Қызметтің басым бағыттарының бірі ана мен баланы қорғау болып қала береді. 2021 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің бүкіл тарихында бала туылудың ең жоғары қарқыны болып 450 мыңнан астам бала, оның ішінде Шымкент қаласында 33 мыңға жуық бала (2020 жылы – 30 мың бала) дүниеге келген.
2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылды, онда 2026 жылға дейін ЭКО-ға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген. 2021 жылы Шымкент қаласында 403 квота бөлінді, (2022 жылы – 413),
41 – қазір жүкті, 90 – ана балалы болу бақыттын сезінді.
Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесінде кадрлармен қамтамасыз ету дәрігерлер арасында 78 мың штаттық бірлігін құрайды, оның ішінде 32,7 мың – бейінді мамандар, Шымкент қаласында 4,9 мың штаттық бірлік, оның ішінде 3,5 мың-практикалық дәрігерлер. Дәрігер кадрлардың тапшылығы 185 штаттық бірлікті құрайды.
2021 жылы еліміздің өңірлеріне медициналық жоғары оқу орындарының 3050 түлегі бөлінді, оның ішінде Шымкент қаласында – 170, ағымдағы жылы 115 түлек жіберу жоспарлануда.
2025 жылға қарай республикалық бюджет есебінен гранттар саны 2000-ға дейін және жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінетін грант 1500-ға ұлғайтылатын болады.
Медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде Шымкент қаласына 2022 жылы резидентураның 6 мамандығы бойынша 87 білім беру гранты бөлінді.
2023 жылдан бастап сертификаттау курстары (қайта даярлау) арқылы бейінді мамандарды даярлау үшін жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу жоспарлануда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*