Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер көлігінде 2 бірдей тапанша сақтаған күдікті азаматты анықтады

Полицейлер көлігінде 2 бірдей тапанша сақтаған күдікті азаматты анықтады

Түркістан ҚПБ-ның полиция қызметкерлері қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Осындай кезекті көше бойын патрульдеу барысында, бір автокөлік күдік тудырады.

Полицейлер тексеру кезінде көліктің артқы бөлігіндегі қолсөмкенің ішінен «Макаров» тапаншасы мен оқ дәрілер, сондай-ақ сигналдық тапаншаны табады. Тәртіп сақшылары жүргізушіден айғақты зат ретінде қаруларды тәркілеп алып, ПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеді. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Күнделікті жүргізілетін мұндай жедел-профилактикалық іс-шаралар түрлі қылмыстардың төмендеуіне септігін тигізеді. Осы бағыттағы жұмыстар одан әрі де өз жалғасын табатын болады. Сонымен қатар тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.

Түркістан облысы аумағында 21-30 маусым аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осы шара аясында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлері аталған акция кезінде аудан бойынша тіркеуде тұрған 500-ге жуық қару иелерін тексерді. Тексеру кезінде 5 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Шараның негізгі мақсаты – облыс аумағында заңсыз айналымнан отты атыс қаруын тәркілеуге және қару иелерін оны сақтау ережелерін тексеру. Сонымен қатар, заңсыз қаруды сақтау, алып жүрумен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын- алу, ескерту және оларды ашу жедел жағдайды тұрақтандыру болып табылады, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*