Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түлкібастық полицейлер «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы 230-ға жуық құқық бұзушылықты анықтап, 9 автокөлікті айыптұраққа қойды

Түлкібастық полицейлер «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы 230-ға жуық құқық бұзушылықты анықтап, 9 автокөлікті айыптұраққа қойды

Естеріңізге сала кетсек, Түркістан облысы аумағында биылғы жылы 19 шілде мен 18 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы басты мақсат — жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау және жолын кесу, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, облыс жолдарында апаттылықты төмендету болып табылады. Іс-шара барысында қозғалыс қауіпсіздігі үшін автожолдардың апатты-қауіпті учаскелері мен жөндеу жұмыстары орындары да қосымша тексеріледі.

Патрульдік полицияның мақсаты – жол көлік оқиғаларының негізгі себептерінің алдын алу. Сонымен қатар жылдамдық режимін бұзу, басып озу, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, мас күйінде көлікті басқару және тағы басқа құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы жұмыстар күшейтіледі.

Осыған орай Түлкібас АПБ қызметкерлері күні-түні тыңғылықты жұмыстар атқаруда. Жол-көлік оқиғаларының алдын алып, көлік қозғалысын реттеу үшін арнайы жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде түлкібастық полицейлер 4 күн ішінде 230-ға жуық құқық бұзушылықты анықтап, әкімшілік шара көрді.

Атап айтсақ, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы » Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» — 73, 590-бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу»-22, 591-бабы «Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы» -23 және 595-бабы» Маневр жасау қағидаларын бұзу» бойынша 7 хаттама толтырылды. Сондай-ақ 9 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Түркістан облысының полицейлері барша көлік басқару құқығына ие азаматтарға құқық бұзушылыққа бармай, өз өмірлерінің қауіпсіздігі үшін жолда жүру ережелерін қатаң сақтап жүру керектігін ескертеді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*