Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Дүкеннен ұялы телефон ұрлаған бойжеткен ұсталды

Дүкеннен ұялы телефон ұрлаған бойжеткен ұсталды

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның жұмыс жасайтын сауда орталығында тұрған «OPPO A53» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 130 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Хабар алысымен тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден жетті. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, ол дүкенге тұтынушы болып кіріп, өзіне қажетті заттарды алмақшы болған. Осы сәтте дүкен ішінде тұрған ұялы телефонға көзі түскен бойжеткен оңай олжалы болуды көздеген. Күдіктіден айғақты зат ретінде бөтеннің мүлкі алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұрлық түбі — қорлық. Кішкене тас ұрласаң да оның өтеуі бар. Жаза деген. Алайда өзгенің мүлкін өзінікіндей көріп, жымқырып кететіндер түбі ұсталатынын біле тұра тура жолдан тайқып жатады. Оған кез-келген қылмысты ашуға сүбелі үлес қосып жатқан құқық қорғаушылардың еңбегі зор.

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның азық-түлік дүкеніне сағат 19:30 шамасында белгісіз біреу кіріп, азық-түлік заттары мен кассада тұрған 20 000 теңге ақшасын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 300 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары хабарлама келіп түскен бойда оқиға орнына жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатындағы қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде күдіктінің бұрын сотты болған, жергілікті тұрғын екені анықталды. Анықталғандай күдікті ер адам мас халде болған. Ол тас жол бойында орналасқан асхананың терезелерін бұзу арқылы дүкенге кірген.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысының алдын алу үшін сақтық шараларын жасауды ұсынады. Дүкендерге, тұрғын үйлерге, ғимараттарға бейнебақылау камералары мен арнайы дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*