Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер мас халдегі ер азаматтан марихуана есірткісін тәркіледі

Полицейлер мас халдегі ер азаматтан марихуана есірткісін тәркіледі

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткімен күресуде «Қарасора 2022», жедел-профилактикалық іс-шарасын тұрақты түрде жүргізуде.

Шара барысында тәртіп сақшылары ауыл орталығында масаң халде кетіп бара жатқан азаматқа күдіктеніп, оны тоқтатты. Полиция қызметкерлері тексеру кезінде оның Шымкент қаласының тұрғыны екенін анықтады. Орта жастағы ер адамды тінту кезінде оның шалбарының қалтасынан ақ қағазға оралған, есірткі затына ұқсас кептірілген өсімдік тәркіленіп алынды.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Полицейлер алынған затқа сараптама тағайындап, нәтижесінде оның «кептірілген марихуана» есірткісі екендігі анықталды.

Тәртіп сақшылары ер адамның бұған дейін де осы бап бойынша сотты болғандығын анықтады. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сіз де, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

2022 жылдың 6 айында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 157 деректі анықталды. Оның ішінде есірткі контрабандасы-26, есірткі сату-25, аса ірі көлемде есірткі сақтау бойынша 11 жайт тіркелген. Ал заңсыз айналымнан 500 келіге жуық есірткі заттары тәркіленіп алынды.

Сонымен қатар есірткіге тәуелді тұлғалардың саны 431-ден 364-ке төмендеді. Бұдан бөлек Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен саябақтарға, аялдамаларға, мектептер мен ауруханаларға және т.б. қоғамдық орындарға «Есірткіге жол жоқ» және «Балаларыңызды есірткіден қорғаңыз» тақырыбында түсіндірме құралы ретінде дайындалған плакат жапсырмалары жабыстырылды.

Есірткі және нашақорлыққа қарсы барлығы 38 000-нан астам оқушы мен студент жастар қатысқан 60 профилактикалық іс-шара өткізілді. Нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай 30 күнге жоспарланған акция ұйымдастырылды. Оның ішінде «Есірткісіз болашақ» акциясы, таңғы жаттығулар, велосипедшілер шеруі, полицейлердің жауынгерлік дайындығы, жастардың спорттық өнерлері, бірыңғай флешмобтар көрсетілді. Мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері арасында да есірткі бойынша марафон өтті, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*