Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер рейд кезінде заңсыз мал тасымалдаған тұрғындарды ұстады

Полицейлер рейд кезінде заңсыз мал тасымалдаған тұрғындарды ұстады

Бүгінде елімізде мал ұрлығы өзекті мәселенің бірі болып тұр. Осыған орай ҚР ішкі істер министрлігімен мал ұрлығының алдын алу мақсатында «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған жоспарлы бағдарлама» жасалынған. Аталған бағдарламаға сәйкес, мал ұрлығы қылмыстарының алдын-алу, заңсыз тасымалдауды болдырмау мақсатындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

Осы тұрғыда Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Созақ-Шымкент тас жолы бойында тексеру жұмыстарын атқарды. Нәтижесінде «FOTON» маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру кезінде оның ветеринариялық құжатсыз бір бас айғырды заңсыз алып бара жатқанын анықтады. Сонымен қатар «Газель» автокөлігімен тағы бір тұрғынның Созақ ауданынан Сайрам ауданына 10 бас бұқа мен 1 бас сиырды мал базарға алып бара жатқаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері аталған көлік жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша хаттама толтырды.

Әлеуметтік желіде жүк көлігі өртеніп жатқаны бойынша ақпарат тараған болатын. Желіге үнемі мониторинг жүргізіп отыратын полицейлер, бұл жайтты бірден назарға алды. Нәтижесінде оқыс оқиға Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы көшелерінің бірінде орын алғаны анықталды. Десекте бұл жайт бойынша полицияға ешкім хабарлама түсірмеген, яғни арызданбаған.

Алайда сол аумаққа белгіленген учаскелік полиция инспекторлары оқиға орнында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Өрт салдарынан ешқандай адам зардап шекпеді. Ал аудандық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері оқиға болған жерде жұмыс жасап, өртке оранған «Камаз» жүк көлігіне қатысты іс құжаттарын жинақтады. Бұл оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қазіргі уақытта Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өрттің алдын алу, болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыруда. Шынында қазір шөп тасымалдаудың қызған шағы. Яғни Сайрам ауданы аумағында жайылым мен егістік алқаптарынан шөп тиеген жүк көліктерінің қозғалысы жиілеген. Сонымен қатар ауа райының ыстық кезеңінде өрт қауіпі басым.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға заңсыз мал тасымалдауларға, белгіленбеген орындарда малды сою, ен-таңбалары жоқ малдарды саудаға салу деректерін болдырмау мақсатында жұмыстар жалғаса беретінін ескертеді. Сондықтан малды қараусыз жібермей, бақташы жалдауға, уақытылы ен-таңбаларын салдыртып, құжаттандыруға кеңес береді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*