Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Созақтық полицейлер ардагерлерге құрмет көрсетті

Созақтық полицейлер ардагерлерге құрмет көрсетті

Созақ аудандық полиция бөлімінде бастауыш ардагерлер ұйымы мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті. Жиынның мақсаты – Ішкі істер органдары қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу. Кездесу кезінде бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері жас полицейлерге кәсіби шеберлікпен бөлісу мақсатында өздерінің ақыл-кеңестерін айтып, Ішкі істер органдарында адал қызмет етуді жеткізді.

Сонымен қатар полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Нысанбаев пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Беркінбай Дуанаев сөз алып, марапаттау рәсімін өткізді. Құқықтық тәртіпті нығайтуда қосқан үлестері үшін Ішкі істер органдарында қызмет еткен ардагерлерге «Қазақстан Полициясына 30 жыл» мерейтойлық төс белгісін табыстады.

Марапатқа ие болғандар қатарында Дәулеталды Еденбаев, Талас Қожабаев, Жарқынбек Шорманов, Нақып Сейсенбаев, Қайрат Бектаев, Сейтжаппар Игіліков, Болат Мұхымбеков, Нұрлыбек Дәуренбеков, Талғат Жақанов, Тимур Жақаев, Ғани Әлішеров, Қуанышбек Үмбетов, Абай Тұрмаханов, Дәуірбек Елібаев, Ерайдар Абдраев, Саттар Түбекбаев, Бақытжан Мадияров, Айдар Мұсаев, Нұрлан Омарбеков пен Ақылжан Абишевтер бар. Жиын соңында марапат алған полицейлер естелікке суретке түсті.

Сондай-ақ айдын басында Қазақстан полициясына 30 жыл толуына орай 30-дан астам ардагерге экскурсия ұйымдастырылды.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері қылмыспен күресуден бөлек, еңбек жолында қайырымдылық жасау сынды игі іс-шараларда өздерінің белсенділіктерін таныта біледі.

Облыс аумағында «Ішкі істер органдарының құрылғанына 30 жылдық» мерейтойдың өтілуіне орай бастау алған «30 игі іс» қайырымдылық марафоны қазіргі таңда өз жалғасын табуда. Аталған мерекеге орай 30 игі іс шарасын бұл жолы арыстық полицейлер өткізді. Арыс аудандық полиция бөлімі бастығының бастамасымен тәртіп сақшылары бөлім қызметінен шекті жасынан зейнеткерлікке шыққан 35 ардагердің басын қосты. Ішкі істер органдарында жұмыс жасаған ардагерлермен өңірдің қасиетті жерлерін — Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелерін саяхаттап, Керуен сарай кешенінде серуендеп, әңгіме дүкен құрды. Шара барысында ардагерлерге мұражай іші таныстырылып, ондағы түрлі жәдігерлердің тарихы жайлы баяндалды. Бұндай жиынға келгендер өздерінің ерекше сезімдерін айтып, әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ тәртіп сақшылары ардагерлерге арнап, дастархан жайды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*