Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер әкесінің атынан жасырын онлайн несие рәсімдеген жас жігітті ұстады

Полицейлер әкесінің атынан жасырын онлайн несие рәсімдеген жас жігітті ұстады

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер азаматтың айтуынша, оның атынан белгісіз біреу ақшалай онлайн несие алып, 1 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Бұл туралы жәбірленуші арадан 1 айдай уақыт өткен соң, яғни «банктен несиеңізді төлеңіз» деп хабар келгенде ғана білген. Содан жәбірленуші тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұрайды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Түркістандық полицейлер арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары кезінде, полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жәбірленушінің ұлы болып шықты.

Белгілі болғандай, ұлы қоңырау соғу үшін әкесінің ұялы телефонын сұрап алып, сол сәтте банк қосымшасымен несие рәсімдеген. Сондықтан Түркістан полицейлері азаматтарға әрқашан сақ болуға кеңес береді.

Осыған ұқсас жағдай Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында орын алған еді.

Арызданушы жас жігіттің айтуынша, өзінің танысы әбден сеніміне кіріп, оның атынан 850 000 теңге ақшалай, сонымен қатар, 1 105 000 теңгеге тауарлы несие рәсімдеп алған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жедел түрде жүзеге асырды. Полиция қызметкелерінің жедел түрдегі жұмыстарының нәтижесінде хабарлама түскеннен соң, көп уақыт өтпей, сезікті жас жігіт қолға түсті.

Белгілі болғандай, күдікті жігіт жәбірленушінің сыныптасы болып шықты. Сезікті жігіт «сенің банк шотыңа ағам ақша аударады» — деп, оның банк қосымшасын өзінің ұялы телефонына орнатып алған. Банк қосымшасы арқылы несиелер рәсімдеп алып, ақшасын бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*