Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Тұрғынның қойларын талан-таражға салған қойшы ұсталды

Тұрғынның қойларын талан-таражға салған қойшы ұсталды

Келес аудандық полиция бөліміне Жетісай қаласының тұрғыны арызданды. Ер адамның айтуынша, жайылымдық жерде малшыға 500 бас қойын сеніп тапсырған. Алайда мал басын тексеруге барғанында, ол әрқайсысы 60 000 теңге тұратын 4 бас қойының жоқ екендігін байқаған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 240 000 теңге.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабар келіп түскен бойда оқиға орнына бірден жетті. Қажетті шараларды жүзеге асырып, күдікті ретінде қойшы, яғни Мақтаарал ауданының тұрғынын анықтады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның тарапынан арыз-шағым келіп түскен.

Шағымданушы ер адамның айтуынша, ол өзі басқарып отырған жайылымдық жердегі қойшыға асыл тұқымды малдарын сеніп тапсырған. Алайда, мал басын түгелдеуге барғанда, олардың толық емес екендігін байқаған. Осылайша жәбірленушіге келген шығын көлемі 16 380 000 теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды.

Сонымен қатар, хабар келіп түскен сәттен бастап тәртіп сақшылары оқиға орнына шұғыл шықты. Полицейлердің жүргізген тиянақты әрі жеделді жұмыстарының нәтижесінде, аталмыш қылмысқа күдікті ретінде жәбірленушінің қой бағып жүрген жұмысшысы ұсталды. Ол Арыс ауданының тұрғыны болып шықты.

Анықталғандай, сезікті ер адам өткен жылдан бері 230-дан астам ұсақ малды 4-5-еуден сатып, түскен қаржыны бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауға кірісті.

Түркістан облысының полицейлері ауылдықтарға қырағы болуды және өз малдарын бейтаныс адамдарға бақтырмауды ұсынады. Сондай-ақ, мүмкіндігінше үй малын таңбалап, ен салдыру керек, ал қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтыңыздар. Егер сізде малыңызды жоғалтып, ұрлатып алсаңыз тез арада полицияға хабарласыңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*