Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Тұрғынның қойларын талан-таражға салған қойшы ұсталды

Тұрғынның қойларын талан-таражға салған қойшы ұсталды

Мас халде трактор тізгіндеген жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Түлкібас ауданының патрульдік полицейлері «Қауіпсіз жол» іс-шарасы кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, бекітілген бағыт бойынша патрульдеу жұмысын тұрақты түрде жүргізуде. Осы тұста полицейлер Түлкібас ауданына қарасты ауыл көшелерінің бірінде түнгі уақытта жол жүру ережесін бұзған «МТЗ-80» маркалы тракторды тоқтатады. Аталған трактор жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында, оның спирттік ішімдік ішкеніне күдіктенеді.

Полиция қызметкерлері орын алған оқиғаны ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеді. Жүргізушіге қатысты сараптама тағайындалып, қорытындысына сәйкес оның «орта дәрежелі» масаң күйі анықталды. Осыдан соң аталған жайтқа байланысты жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды.

Сонымен қатар азаматтардың қауіпсіздігі барынша қамтамасыз етіліп, халықтың тыныштығы сақталуы үшін олар күндіз-түні жүйелі жұмыс жүргізеді. Мәселен Түркістан облысына қарасты Мақтаарал  ауданының полицейлері түнгі қауіпсіздікті сақтау мақсатында рейдтік шара жүргізді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері Алғабас  ауылына баратын тас жолдың бойында алдыңғы айнасы сынып,  сызат пайда болған «Ауди» маркалы автокөлікті тоқтатты.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында, оның жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Полицейлер оның мас күйіне күмән келтіріп, оған медициналық сараптама тағайындады. Зерттеу қорытындысына сәйкес, жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екені анықталды.

Тәртіп сақшылары аталған деректі  Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеп, аудандық сотқа жолдады.

Сот шешімімен 2 жүргізушіде 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*