Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістан полицейлері жоғалған 46 жастағы бойдақ ер азаматты Ресейден тауып, үйіне қайтарды

Түркістан полицейлері жоғалған 46 жастағы бойдақ ер азаматты Ресейден тауып, үйіне қайтарды

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын 102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Оның айтуынша 46 жастағы баласы Ресейге жұмысқа кетіп, 1 жыл бойы қайта оралмаған. Ал анасының із-түзсіз кеткен баласын іздеп жүргеніне шамамен 1 айдан астам уақыт болған. Алайда еш нәтиже шықпаған соң, полицейлерге арызданған.

Түркістан қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, із-түзсіз кеткен азаматты іздеуді бастап кетті. Полицейлер облыс көлемінде, одан соң Қазақстан Республикасы бойынша бағыттамалар беріп, іздестіру ауқымын кеңейтті. Ресей Федерациясында жұмыс бабымен болуы мүмкін деген тұжырымды да ескеріп, сол жақтағы елшілік пен тәртіп сақшыларына хабарлама жібереді. Нәтижесінде полицейлер жоғалған орта жастағы азаматты бірнеше күн ішінде тапты.

Белгілі болғандай, жоғалған ер азамат Ресейде жұмыс жасауға барып, абайсызда аяғын сындырып алған. Содан бері жұмыссыз жатқан. Сондай-ақ азамат өз сөзінде анасы уайымдамас үшін оған хабарласпағанын айтты. Қазіргі таңда жоғалып кеткен 46 жасар азамат үйіне қайтарылды. Ұлымен аман есен қауышқан ана, баласын іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен көші-қон қызметкерлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ ағымдағы айдын басында дәріханаға баратынын айтып, із-түссіз жоғалған жас қыз табылды.

Келес аудандық полиция бөліміне әйел адам арызданды. Оның айтуынша, кешкі сағат 18:30 шамасында жасөспірім қызы дәріханаға барып келетінін айтып, қайта оралмаған. Жақындары өздері күні бойы іздеп таппаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Тәртіп сақшылары жоғалған қызды бірден іздеуге кірісті. Жас қыздың баруы мүмкін жерлерді қарап, жақын достарынан, таныстарынан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлерінің тыңғылықты жұмысының нәтижесінде жас қыз 1 күн ішінде Шардара ауданында қыдырып жүрген жерінен табылды. 18 жасар қызды полицейлер отбасына қайтарды. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*