Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Тұрғынның ауласынан ірі көлемде сора есірткісі мен көкнәр тәркіленді

Тұрғынның ауласынан ірі көлемде сора есірткісі мен көкнәр тәркіленді

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі егілген ауланы тауып, күдіктіні құрықтады. Нақтырақ айтсақ, полиция бөліміне жергілікті тұрғын үйінде ірі мөлшерде есірткі затын өсіруі мүмкін екендігі жөнінде хабарлама түседі.

Ақпарат алысымен Бәйдібек АПБ қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Қабылданған жұмыстар нәтижесінде, полиция қызметкерлері тұрғынның үйінің ауласынан заңсыз, өсіруге тыйым салынған 300 түп жасыл түсті өсімдікті тапты.

Одан бөлек 180 түп «көкнәр» өсімдігіне ұқсас зат табылды. Оларға сараптама тағайындалды. Қорытындыға сәйкес алынған түптердің бірі «сора», ал екінші анықталған зат «көкнәр» есірткі заты болып шықты. Аталған жайт ҚР ҚК 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді ірі мөлшерде заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркелді.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері есірткімен қоғамды улау заң аясында жауапқа тартылатынын ескертеді. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулыққа мән берейік.

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, Келес ауданының тұрғындары тарапынан келіп түскен ұсыныс-пікір, сауалдарына назар аударды. Осы себепті облыстың бас полицейі Келес ауданында қоғамдық тәртіпті сақтап, қылмыстардың алдын алу мақсатында тыңғылықты тексеру жұмыстарын жүргізу үшін ПД-нің тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел топ құрды. Аталған полицейлер шұғыл Келес ауданына іссапармен шықты. Полицейлер жан-жақты тексеру жүргізді. Нәтижесінде Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы аясында «көкнәр» есірткісін жойды.

Нақтырақ айтсақ, полицейлер Келес ауданында жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысатынын анықтады. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 300-бабымен «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» СДТБТ-ға тіркеді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*