Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағым түсірді. Жәбірленуші жас жігіттің айтуынша, оны сырттай танысы жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдап кеткен. 2022 жылы мамыр айында көлік басқаруға қажетті құжатты алу үшін, тұрғын күдіктіге 250 000 теңге береді. 2 айда жүргізуші куәлігі қолыңда болады деп алаяқ сеніміне кірген. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, жедел іздестіру шараларына кірісті.
Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде жұмыссыз жас жігіт ұсталды. Ол оңай жолмен пайда табу мақсатында жәбірленушіні алдап, алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қылмыстың құрбаны болмау үшін күмәнді қызмет көрсетуге уәде берген бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.
Ағымдағы айдың басында Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның тарапынан арыз-шағым келіп түскен.
Шағымданушы ер адамның айтуынша, танысы жүргізуші куәлігін алып беремін деп оны сендірген. Сондай-ақ, күдікті жәбірленушіден 270 000 (екі жүз жетпіс мың) теңге ақша алған. Осы ретте күдікті не жүргізуші куәлігін алып бермей, не ақшасын қайтармай созбалыққа салып жүрген. Аталған жайтқа полиция қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізіп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға кез келген адамға сенім артпауға, сондай-ақ, өз мүліктеріңізді өзгеге сеніп бермеуге кеңес береді. Мүліктеріңізді, ақшаны бөтен біреуге беруден алдын, оған сенуге болатынына толықтай көз жеткізіп алғандарыңыз дұрыс болады. Егер де, сіз, алаяқтыққа тап болсаңыз полицияның 102 телефон нөміріне жедел түрде хабарласыңыз. Бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемденудің алдын алуға бірге ат салысыңыздар! Алаяқтыққа жол жоқ екендігін ескертеміз!