Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістан облысында мас халде көлік басқарған ер адам анықталды

Түркістан облысында мас халде көлік басқарған ер адам анықталды

Қазығұрт АПБ-ның патрульдік полиция тобының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында, «Қауіпсіз жол» рейдтік-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Осындай кезекті рейд барысында аудандық полицейлер түнгі уақытта аудан көшелерінің бірінен күдік тудырған «Ваз 2121» Нива маркалы автокөлігін байқады.

Содан тәртіп сақшылары көліктің алдына шыға отырып, оны тоқтатты. Құжаттарын тексеру кезінде тәртіп сақшылар жүргізушінің мас халде болғанын анықтады. Сонымен қатар оны медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытындыға сәйкес ер адам көлікті мас халде басқарғаны белгілі болды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдарды полицейлер заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді.

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткімен күресуде «Қарасора 2022», жедел-профилактикалық іс-шарасын тұрақты түрде жүргізуде.

Шара барысында тәртіп сақшылары ауыл орталығында масаң халде кетіп бара жатқан азаматқа күдіктеніп, оны тоқтатты. Полиция қызметкерлері тексеру кезінде оның Шымкент қаласының тұрғыны екенін анықтады. Орта жастағы ер адамды тінту кезінде оның шалбарының қалтасынан ақ қағазға оралған, есірткі затына ұқсас кептірілген өсімдік тәркіленіп алынды.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Полицейлер алынған затқа сараптама тағайындап, нәтижесінде оның «кептірілген марихуана» есірткісі екендігі анықталды.

Тәртіп сақшылары ер адамның бұған дейін де осы бап бойынша сотты болғандығын анықтады. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*