Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: БАРЛЫҚ МЕКТЕПКЕ БІР ТҮСТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫ БЕЛГІЛЕНДІ

ШЫМКЕНТ: БАРЛЫҚ МЕКТЕПКЕ БІР ТҮСТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫ БЕЛГІЛЕНДІ

Мектептердегі жалпы компьютерлік құрылғылар саны – 56 746 дана (компьютер – 24 029, ноутбук – 28 516, планшет – 4 201).
2022 жылы 1-сыныпқа 27 000 оқушы қабылдау жоспарланған. Қазіргі уақытта қабылданған оқушы саны – 26 578, яғни 98%-ды құрап отыр.
Жаңа оқу жылында шымкенттік оқушылар ақ жейде, қанық көк түсті форма киеді. Бұл туралы Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тәжиева жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифинг мәлімдеді.
— Өткен жылы 25 мың бала 1-сыныпқа қабылданған болатын. Биыл 27 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттамақ. Оның 98 пайызға жуығы бүгінде құжатын тапсырып үлгерді. Сонымен қатар, биыл 56 586 ата-анадан бір реттік мектеп формасымен қамтамасыз етуге өтініш түсті. Талапқа сәйкес, жергілікті бюджеттен әр балаға мектеп формасы үшін 35 мың теңгеден қаржы қаралып отыр. Жыл сайын оқу жылы қарсаңында көп талқыланатын тақырыптың бірі — мектеп формасы. Мектеп формасының түсін биыл әр мектеп емес, өңір таңдайтын болды. Жаңа оқу жылында шымкенттік оқушылар ақ жейде, қанық көк түсті форма киеді. Мектеп формасына әр мектептің эмблемасын тағуға ғана рұқсат беріледі, — деді Жанат Тәжиева.
Айта кетейік, жаңа оқу жылында да 1-4 сынып оқушылары жыл бойы бір реттік ыстық тамақпен қамтылады.
Сонымен қатар, Шымкент қаласында жаңа оқу жылында бастауыш сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тәжиева қалалық ақпараттық–коммуникациялық орталығында өткен брифингте айтып өтті.
– Жаңа оқу жылында мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту үшін толық жағдай жасалған. 1 және 4 сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, — деді спикер.
Бүгінде 2022-2023 оқу жылына арналған оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша көркем әдебиеттерді сатып алу және оны тасымалдау, жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*