Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Кәсіпкерліктің дамуына басты кедергі – сыбайлас жемқорлық

Кәсіпкерліктің дамуына басты кедергі – сыбайлас жемқорлық

Бүгін кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Бизнесті қорғау, инвестициялық жағдайлар жасау, кәсіпкерлердің шағымдарын қарау және оларды шешу – кеңестің міндеті.

«Мемлекет Басшысы бірнеше рет атап өткендей, «Кәсіпкерлікті қолдау бизнеске ерекше назар аударуды білдіреді». Кәсіпкерліктің өсіп-өркендеуіне кедергі болатын негізгі мәселе — сыбайлас жемқорлық факторы. Аталған салада жемқорлықты болдырмау мақсатында Агенттік тиісті жұмыстарды қолға алған» — деп атап өтті Жандос Жұмабаев.

Сондай-ақ спикер Агенттік бизнестің мүдделерін қозғайтын кез келген тергеу әрекеттерін қосымша келісуді көздейтін алгоритм әзірлегендігінен хабардар етті. Негізсіз ұстауларға, тінтулерге, негізсіз ақпарат алуға жол бермеу мақсатында қызметкерлердің іс-әрекеттеріне бақылау қатаңдатылады.

Одан бөлек, Кеңес отырысында көліктік бақылау инспекциясы қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері баяндалды. Ауыр жүк көліктерін бақылаудың төмендігіне қатысты тәуекелдер анықталды (тіркелген көліктердің тек 6 % ғана тексерілсе, ал жолаушылар тасымалында 4 есе көп тексерілген — 129%).

Сондай-ақ, бейне жетондарды пайдалану кезіндегі кемшіліктер қарастырылды. Ауысым ішінде инспекторлар тексеру әрекеттерін 1,5 сағаттан асырмай тіркеген.

Әкімшілік практиканың нәтижелері жолдарда тиісті бақылауды қамтамасыз етпейді. Бір инспекторға 5 жұмыс ауысымы ішінде қайта тиеу үшін бір ғана әкімшілік материалдан келеді.

Қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері көлік саласы – ең маңызды салалардың бірі болып табылатындығына және бұл бағыттағы жұмыстар әрқашан бақылауда болатындығын жеткізді.

Жиын соңында Департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев бизнесті қорғау басты міндет екендігін жеткізіп, белсенді өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа шақырды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*