Шымкент қаласы Асар-2 шағынауданының қалған бөлігіне инфрақұрылым тартылуда, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Шымкент қаласындағы Асар – 2 шағын ауданына таза ауыз су жүйесінің құбыры тартылуда. Шілде айында басталған құрылыс, қарашаға дейін аяқталып, 996 үйге сапалы ауыз су беріледі деп күтілуде. Асар – 2-нің 1-ші кезеңі бойынша былтырғы жылы 2765 абономент, яғни 11 мыңнан астам халық таза суға қосылған болатын.
Миллионды шаһар халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бүгінде 7 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Солардың бірі – Асар – 2 шағынауданы. Дәл қазіргі таңда, құбыр тарту жұмыстары қызу жүріп жатқан мұнда, 1000 жуық үйге таза ауыз су беріледі деп жоспарланған.
Асар – 2-нің екінші кезеңіндегі құрылыс, бұйыртса биылғы жылдың қарашасында тәмәмдалады деп күтілуде. Ал, бірінші кезең бойынша былтырғы жылы 2765 абономентке, яғни 11 мыңнан астам халыққа сапалы ауыз су берілген болатын. Бүгінде тіршілік нәрінен тарығып отырған ағайын құрылыстың қарқынды жүріп жатқанын көріп, көзіміз тойып отыр, дейді.
Шалғайдағы шағын ауданға инфрақұрылым жүйесі толық тартылмағандықтан, тұрғындар мұнда көшіп келуге асығар емес. Ауыз су жүйесінің құрылысы басталғанын естіп, бірден осында келген Мұсахан Базарқұлов біраздан бері ойында жүрген жұмысын бастап кеткенін айтады. Бұйыртса, жылдың аяғында біржола осында келмек ниеті бар, екенінде жасырмады.
Бүгінгі таңда Шымкенттегі 81 елді мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал, қалған 3 елді мекен тірішілік нәрін кестемен тұтынуда. Олар Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алабтары. Сонымен қатар, Асар-2-нің екінші кезеңі мен Текесуда да жұмыстар жүргізілуде. Айта кетейік, жеті нысанның бірі Нұртастағы су жинақтаушы имараты болса, біреуі магистралды жүйе құрылысы.