Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 59 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 59 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында 59 аулаға спорт және балалардың ойын алаңшалары орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды.
Кездесуде айтылғандай, өткен жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында азаматтар өз жобаларын ұсынуына болады. Оған интернет арқылы дауыс беріп, ең көп қолдауға ие болған жобалар қаржыландырылады. Өткен жылы Әл-Фараби ауданында осы әдіспен 17 нысанның құрылысы жүргізілсе, биыл 59 аулаға спорт және балалардың ойын алаңшалары орнатылып, абаттандырылып жатыр. Бұл мақсатқа 1 миллиард 600 миллион теңге қаралған. Келесі жылы тағы 39 жоба жүзеге асса, Әл-Фараби ауданындағы барлық көпқабатты үйлердің аулалары 100 пайызға толығымен абаттандырылып бітеді.
Жалпы, Әл-Фараби ауданында ауқымды жұмыстар жүргізілген.
Атап айтқанда, 2020-2021 жылдары 3 елдімекенге ауыз су жүйелері тартылған. Биыл Текесу тұрғын алабында су құбырлары жүргізілуде. Осылайша, ауданның 200 мыңнан астам халқы толығымен таза ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ, биыл №276 орамға табиғи газ бен сапалы электр қуаты жеткізілсе, Ақтас елді мекені де көгілдір отынмен қамтылмақ. Нәтижесінде жыл соңында аудан аумағы толығымен 100 пайызға табиғи газ және сапалы электр қуатымен қамтылады.
Жалпы, кездесу барысында Мұрат Дүйсенбекұлы қала аумағын инжинерлік-коммуникациялық желілер және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және қоғамдық қауіпсіздік салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тұрғындарға егжей-тегжейлі баяндап берді.
Мұнан кейін тұрғындар өздерін мазалайтын мәселелері бойынша қала әкіміне сауалдарын қойып, шаһар басшысы оларға толық жауап берді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*