Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ

Шымкент қаласында туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы тұрақты, деп хабарлайды jetpisbai.kz.
Бұл туралы Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті ауруларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Б. Мұсаева және Түркістан облысы ҚДБ «ОФО» №3 терапия бөлімінің меңгерушісі Г. Ештаева Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингте айтты.
«Шымкент қаласында туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты. Ағымдағы жылдың 6 айында қала бойынша жалпы туберкулездің 171 жағдайы тіркелген. Оның ішінде өкпе туберкулезі 135. Өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда жалпы туберкулез аурушаңдығы 5 жағдайға, өкпе туберкулезі 8 жағдайға өскен» -деді Б.Мұсаева.
Брифинг барысында спикер туберкулез ауруының алдын алу жағдайларына да тоқталып өтті.
– Жаңа туылған нәрестелерге перзентханада туберкулезге қарсы Кальметт- Герен Бацилла вакцинасымен (БЦЖ) егіледі және 6-7 жастағы 1 сыныпқа баратын балаларға Манту сынамасының нәтижесі теріс болған жағдайда, Кальметт-Герен Бацилла вакцинасымен қайта егу (ревакцинация) жүргізіледі. Ал 14 жасқа дейінгі «Жоғарғы қауіп тобындағы» және туберкулез ошақтарындағы балалардың арасында туберкулезді ерте анықтау мақсатында Манту сынамасымен жылына 1 рет қамтылады. Ересектер мен жасөспірімдер міндетті түрде флюорографиялық тексеруден жылына бір рет өтуі тиіс, — деді ол.
Профилактикалық флюорографиялық тексерудің мақсаты – ересектер мен жасөспірімдер арасындағы туберкулез аурушаңдығын ерте анықтау. Туберкулез ауруы ерте анықталмаған жағдайда ауру бациллярлы түрімен немесе туберкулездің асқынған түрімен анықталып, қоғамға қауіпті күшейтеді.
Спикердің сөзінше, ем қабылдамаған әpбip науқас жылына 10 адамнан 15 адамға дейін туберкулез ауруын жұқтыруы мүмкін. Туберкулезге шалдыққандардың 54%-ын 18 бен 44 жас аралығындағы жұмыс істеуге қабілетті адамдар кұрайды.
Сонымен қатар, брифинг барысында Түркістан облысы ҚДБ «ОФО» №3 терапия бөлімінің меңгерушісі Г.Ештаева «2022 жылдың 6 айлық қортындысы бойынша Шымкент қаласында туберкулезден аурушаңдық көрсеткіші 100 мың халыққа шыққанда екі жылда да бір деңгейде сақталып, 15,3 құрап отыр. Ал өлім көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы 9,1 пайызға төмендеп отыр. Ал туберкулездің асқынған жағдайы тіркелмеген», — деді.
Естеріңізде болсын! Туберкулездің алғашқы белгілері байқалған жағдайда, яғни жөтелдің екі аптадан астам уақытқа созылуы, дене қызуының көтерілуі, кеуде қуысының ауыруы және шаншуы, дене салмағының түсуі, түнгі уақытта терлеу, тәбеттің төмендеуі, қатты шаршау және әлсіздік. Осы белгілер байқалған жағдайда, тексерілу үшін тұрғылықты және оқу орны бойынша медициналық мекемеге жүгінгеніңіз абзал. Уақытында анықталған туберкулез тез сауығып кетуге көмектеседі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*