Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкентте жыл басынан бері 12 мыңға жуық отбасыға АӘК тағайындалды

Шымкентте жыл басынан бері 12 мыңға жуық отбасыға АӘК тағайындалды

Шымкент қаласында 2022 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 11 988 отбасыға (59 051 адам) тағайындалып, атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

2022 жылдың 2 тоқсан екі айының қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 8359 отбасыға (40 694 адам) тағайындалды. АӘК отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалады. Бүгінгі күні кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде немесе 2021 жылдың 4 тоқсанына орта есеппен 25 731 теңге болып белгіленді.

Осылайша, бір адамға (отбасына) келетін АӘК-тің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен әр мүшесіне негізделген белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы балаларына 2022 жылға кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен орта есеппен 45 673 баланы қамтамасыз ету жоспарланған. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 18 325 азамат жұмысқа жарамды, оның ішінде өтініш берген кезде 11 755 азамат жүгіну кезінде жұмысы барлар. 244 адам нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан.

Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмек табысы аз азаматтарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді. Бұл төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі:

— аз қамтамасыз етілген отбасыларға ақшалай төлем;

— жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар, яғни оқытуға, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, шағын несие және грант беруге, тұрақты жұмыс орындарына жолдама беру;

— табысы аз отбасылардың балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік топтама (азық-түлік жиынтығымен және тұрмыстық химия жиынтығымен қамтамасыз ету; оқу орны бойынша тегін тамақтануды, мектеп формасы мен мектеп керек-жарақтарын, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді ұсыну).

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*