Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ӘР АУДАННЫҢ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ БАР

ӘР АУДАННЫҢ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ БАР

Бүгінде қала халқының 21 пайызын жастар құрайды. Соның ішінде Қаратау ауданында алпыс мыңнан аса жас бар. Бұрын қалада бір ғана Жастар орталығы болса, өткен жылы мемлекеттің қолдауымен әр ауданның өзінің жастар орталығы құрылды. Бұл жастар үшін қуанышты жаңалық болды.
Қаратау аудандық жастар орталығы бір мезетте 100-150 жасқа қызмет ете алады. Ғимаратымыз мейлінше заманауи техникалармен жабдықталған, арнайы психолог кабинеті жұмыс істейді. Жастардың бос уақытын өткізетін COWORKING алаңымен де қамтылған.
Мемлекет басшысы кезекті бір жиында жастарды жұмыспен қамту, тұрақты кәсіп ашуына қолдау көрсету, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша жұмысты жандандыруды тапсырған болатын.
Біз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне теңіздің тамшысындай болса да үлес қосқымыз келеді. Осы мақсатта, Қаратау аудандық жастар орталығы жастарға 5 бағыт бойынша қызмет көрсетеді.
Атап айтқанда, жастардың шығармашылық бастамаларына қолдау көрсетіледі; бос уақыттарын тиімді пайдалануға ұйытқы болады; психологиялық көмек беріледі; мемлекеттік бағдарламалардың бүге-шігесіне дейін түсіндіреміз; еріктілікке тарту жұмыстары жүргізіледі.
Ашылғанына көп бола қоймаса да орталық 150-ден астам іс-шара өткізді. Жастар арасында танымал тұлғалармен, аудан әкімі, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдерімен жиі кездесулер ұйымдастырылады. Мұның өзі жас буынға жігер береді деп сеніммен айта аламыз.
Мемлекетіміздің, ел ағаларының жастарға деген қамқорлығы бізді алға жетелейді. Біз де күш-қайратымызды, білім-білігімізді елдің игілігіне жұмсап, аянып қалмақ емеспіз.
Айта кетсек, жастар ресурстық орталығы немесе ЖРО – жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жәрдемдесетін және жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсететін ұйым.
Бекзат ТӨЛЕБАЙ,
Қаратау аудандық жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*