Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚТЫ ҚҰРУДА ЖАС БУЫН ЖАСТАРДЫҢ РӨЛІ ЖОҒАРЫ

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚТЫ ҚҰРУДА ЖАС БУЫН ЖАСТАРДЫҢ РӨЛІ ЖОҒАРЫ

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Түркістан облыстық филиалы және Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» тақырыбында келелі кездесу өтті.

Шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтық Департаменттерінің қызметкерлері, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Түркістан облыстық филиалы және Шымкент қалалық филиалының басшылық құрамы мен кеңес мүшелері, «AMANAT» партиясының мүшесі М.Ақатаев, басқарма басшылары, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Н.Абуова мен облыстық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Е.Төлебаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

Ел жастарының таза қоғамды құрудағы рөлі талқыланған шарада «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұржахан Ермағамбетқызы мемлекет саясатында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға айрықша басымдық берілгенін жеткізіп, жас буын жастардың белсенді таңдауы – таза еңбек, адал қызмет болу қажеттігін баса атап өтті.

Басқосуда жастар арасында адалдық, ар тазалығы, отбасы құндылықтары, еркіндік және әділдік ұстанымдарын қалыптастырудың тиімді тетіктері ортаға салынып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне төтеп беруге қауқарлы ел жастарын тәрбиелеудің негізгі басымдықтары сөз болды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*