«Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Нұржахан Абуова ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» ұжым қызметкерлерімен
арнайы кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат талаптарын түсіндірді.
Кездесудің негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдаманың негізгі бағыттарын таныстыру.
Түсіндіру жұмыстары барысында Нұржахан Ермағамбетқызы парақорлық — ел әлеуетінің дамуына кері әсер ететін қауіпті індет екенін жеткізіп, одан алшақ болу қажеттілігін ескертті.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық фактілеріне ұшырасқан жағдайда, 1424 сенім телефонына қоңырау шалу мүмкіндігі бар екендігін атап өтті.
Шара соңында заңбұзушылықтар аясында әзірленген бейнероликтер көрсетіліп, кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді.