Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ОТЫРАРЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ОТЫРАРЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қоғам өкілі, Заң ғылымдарының магистрі Нұржахан Абуова Отырар өлкесіне арнайы барып, медицина саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Басты мақсат — медицина саласында жиі ұшырасатын сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу және оның алдын алу.

Өз кезегінде Нұржахан Ермағамбетқызы абзал жандарды адалдық, парасаттылық қасиеттеріне жақын болуға үндеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Адам жанын арашалап, ауруынан айықтыратын ақ халаттыларға тұрмыстық жемқорлыққа жол бермеу қажеттігін ескертіп, сенім атмосферасын қалыптастырудың маңыздылығын сөз етті.

Шара соңында арнайы әзірленген бейнероликті ұсынып, дәрігерлердің көкейінде жүрген бірқатар сауалдарына нақты жауап берді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*