Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ЖОЛЫН КЕСУ — КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ БАСТЫ МӘСЕЛЕ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ЖОЛЫН КЕСУ — КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов Төлеби ауданында болып, білім бөлімінің басшыларымен және колледж, мектеп директорларымен арнайы кездесті.

Жиынның басты мақсаты — білім беру саласындағы жемқорлықтың деңгейін төмендетуге үлес қосу, таза қоғам қалыптастыруға жұмылдыру.

Кездесуде сөз алған Ержан Әлиұлы мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан, жемқорлық деңгейі жоғары салалардың бірі білім саласы екендігін айтып, орын алған қылмыстарға тоқталды.

Сонымен қатар, Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтарды толығырақ атап өтіп, пара алу мен пара берудің зардабын түсіндірді.

Кездесу соңында Ержан Әлиұлы қатысушыларға өткізілген кездесуден қорытынды шығаруға және өздеріне жүктелген міндеттерін адал атқаруға шақырды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*