Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЛЕНГЕР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

ЛЕНГЕР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Төлегенқызы Гүлмира арнайы жұмыс сапарымен Төлеби ауданына болып, бірқатар мақсатты топтармен кездесті.

Ең алдымен, ауданға қарасты Ленгер ауылдық округінде болып, әкімдік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру шараларын жүргізді.

Гүлмира Төлегенқызы мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын, әрбір мемлекеттік қызметшіге жауапкершілік жүгін терең сезіну қажеттігін алға тартып, халыққа адал қызмет көрсетулерін назарға алды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістерді хабарлап, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде кең көлемде ақпарат берді.

Халықпен етене жұмыс жасап, ел игілігі жолында ауыл тұрғындарына адал, ашық, қолжетімді қызмет етуге шақырды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*