Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА!

ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА!

Түркістан облысы «Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының» басшысы Өтебеав Елнұрдың төрағалығымен қаладағы сергек бейнебақылаулары бойынша мәжіліс өтті.
Аталған жиынға, Түркістан облысы полиция департаментінің Жедел басқару орталығы басшысы Сәбит Бақтығалиев, Полиция департаментінің техникалық қызмет басқармасының басшысы Буташов Дмитрий, Түркістан қаласы әкімі аппаратының цифрландыру бөлімінің басшысы Абдихадиров Әшірхан, «Көркем Телеком» ЖШС директоры Саттаров Абзал және «Транстелком» ЖШС құрылыс бөлімінің басшысы Наталиев Болат қатысты.
Жиналыста шаһарда қылмыстар көптеп орын алатын аймақтарды бейнебақылау камераларымен қамту мен қаладағы камералардың санын арттыру мәселесі талқыланды.
Жалпы «Сергек» бейнебақылау камераларын орнатқалы жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақат алушылар саны 41% азайды. 2020 жылы өңір республика бойынша жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша 2-ші орында болған. Бүгінде бұл көрсеткіш төмендеген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*