Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » РЕТСІЗ САУДА НҮКТЕЛЕРІМЕН КҮНДЕЛІКТІ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

РЕТСІЗ САУДА НҮКТЕЛЕРІМЕН КҮНДЕЛІКТІ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков орталықтағы жеке кәсіпкерлер және бизнес өкілдерімен жедел мәжіліс өткізді.
Жиналыста сауда орындарындағы баға тұрақтылығы мәселесімен, базарлардағы өрт қауіпсіздігі шаралары барысы айтылды.
Сауда нүктелерінде арнайы тексеріс жүргізген қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Сейсенов Асқардың мәлімдеуінше, 56 қауіпсіздік шаралары сақталмаған орын нықталған. Олар: «Қуаныш» ЖШС-ның сауда үйлері, «Барлық сауда орталығы» ЖШС- ға қарасты «Яссы» сауда орындары мен қатарлары, қоймалары және «Әділет-Зере» ӨК қарасты сауда (Алтын бұлақ базары) қоймалары.
Одан бөлек, жиында ретсіз сауда нүктелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сөз етілді.
Ретсіз сауда нүктелерін жою мақсатында шаһар басшысының тікелей тапсырмасымен арнайы жұмысшы топ құрылған болатын.
Жұмысшы топ мүшелері күнделікті рейдтік шара жүргізуде.
Жұмысшы топ құрылғалы қалалық полиция басқармасы тарапынан белгіленбеген орындарда сауда жасау бойынша – 351 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынған.
Бұл азаматтардың жауапкершілігі заң талабына сәйкес қаралатын болады.
Жиналыс соңында қала басшысы жұмыс қарқынын арттыру керегін айтты. Баға тұрақтылығын сақтау жұмыстарын жүйелендіріп, күшейтуді жүктеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*