Түркістан қаласы, Түркістан станциясының Желілік полиция бөлімінің және Темір жол мекемесінің қызметкерлері жүк және жолаушылар поездарының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар!” атты акциясын өткізуде.
Акция барысында тұрғындарға темір жолдың қауіпті аймаққа жататыны және жаяу жүргіншілердің темір жолда жүру ережесін есте сақтап, абай болу керектігі ескертіліп, арнайы темір жол өтпелері арқылы өту қажет екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Аталған шара 19-21 шілде аралығында өтеді. Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындарға сақтық ережелерін қатаң ұстанып, жол үстінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік сақтау мәселелеріне ерекше назар аударуға шақырады.