Туған қаламыздың тазалығын сақтау – барлық тұрғындардың ортақ міндет. Қазіргі таңда қала тұрғындарының арасында қоқыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға тастау жағдайлары азаймай отыр.
Осыған орай Түркістан қаласы полиция басқармасы және қала әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесе атқарылған жұмыстарының нәтижесінде
ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, аллеяларды ластау, белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды шығару, темекі қалдықтарын тастау және басқа да ұсақ құқық бұзушылықтары бойынша бір аптада 87 азаматқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Жалпы жыл басынан бері 3859 азаматқа ескерту берілді.
«Тазалық — саулық негізі». Туған жерге, өз қаламызға жанашырлықпен қарап, қамқорлық таныту – перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық.