Бүгін дүйсенбі 18 маусым күні сағат 08:00-де Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Бауыржан Жанаев жеке құрамның дайындығы мен даярлығын тексеру мақсатында саптық жиын өткізді. Іс-шара ең алдымен мемлекеттік ән ұранмен басталды. Шараға Түркістан қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы қызметкерлері қатысты.
Саптық жиын барысында тергеу бөлімінің, патрульдік полиция ротасының және жеке құрам қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, қызметкерлердің азаматтармен әдепті сөйлесуі, халықпен дұрыс қарым-қатынас орнату, сервистік полиция жұмысын жандандыру,қызметтік форма тазалығы, киім кию үлгісі, тәртіпке қатысты ескертулерге баса назар аудару керек екені айтылды.