Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚОҚЫСТЫ БЕЙБЕРЕКЕТ ТАСТАУ БЕЙНЕБАҚЫЛАУҒА АЛЫНАДЫ

ҚОҚЫСТЫ БЕЙБЕРЕКЕТ ТАСТАУ БЕЙНЕБАҚЫЛАУҒА АЛЫНАДЫ

Түркістанда заңсыз қоқыс тастаушыларды анықтау мақсатында бейнебақылау камералары қойылады.
Түркістан — туристік аймақ әрі барша түркі жұрты үшін киелі мекен. Рухани астананың қауіпсіздігі мен тазалығы басты орында. Қазіргі уақытта бұл бағытта тиісті мекемелер күні-түні жұмыс жүргізуде.
Түркістан облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары, Бас мемлекеттік экологиялық инспектор Нұрболат Нұржас, «Сергек» жобасының жетекшісі Макұлбек Сүндетбек, «Көркем Телеком» ЖШС Түркістан облысы бойынша директоры Абзал Саттаров, қалалық “Инфрақұрылым және коммуникацялар” бөлімінің сектор меңгерушісі Мейрамбек Момбеков, инспекторы Мадияр Абдраев, Түркістан облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бастығы, полиция подполковнигі Сәбит Бахтығалиев арасында кездесу ұйымдастырылып, заңсыз қоқыс тасталған аймақтар араланды.
Кездесу барысында заңсыз қоқыс тастау жәйттері жиі орын алатын аумақтарға бейнебақылау камераларын орнату бойынша шешім қабылданды.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Өз саулығымыз үшін қоқысты арнайы орындарға ғана жеткізу қажет екендігін еске саламыз!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*