Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Сайрам ауданының әкімі Уласбек Садибековтің төрағалығымен қоғамдағы көкейкесті мәселенің бірі өз-өзіне қол жұмсаушылардың алдын алу мәселесі қаралды.
Соңғы уақытта аудан тұрғындары арасында суицид жағдайының тіркелуінің саны артуда. Ағымдағы жылдың 7 айында 54 тұрғын өз өмірін қиюға оқталған. Оның ішінде 17 аяқталған, 37 аман қалған жағдайы тіркелген.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Реметов және осы бөлімге қарасты әлеуметтік-
психологиялық сүйемелдеу секторының меңгерушісі Ғ.Медеуов қысқаша баяндады.
Жиналыс барысында денсаулық сақтау, білім, құқық қорғау сала басшылары тарапынан келеңсіз жағдайдың орын алу себептері мен алдын алу мәселелері бойынша ой-пікірлері айтылды.
Аудан әкімі жиналысқа қатысқан басшыларға адамның келеңсіз жағдайға бармауын, осыған бейім жастар, сонымен қатар отбасында зорлық-зомбылық көрген, тұрмысы төмен жандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, жан-жақты зерделеуді тапсырды.
Өзекті болып отырған мәселе 1 айдан кейін қайта талқыланатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*