Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Түркістан индустриалды құрылыс колледжі студенттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында колледждің жастар комитетінің төрағасы мен әлеуметтік педагог «Таза сессия» тақырыбында дебаттық клубтармен іс-шара өткізді. Іс-шара қызметінің негізгі идеясы жастарға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.
Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!
Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында!