Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

Бүгін «Тиімді көмек» жобасы аясында Темір ауылының тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов, Отырар аудандық прокуратурасының прокуроры Нұрман Әлиханов, дербес бөлім мен мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Құқық бұзушылықтарды анықтау және жою мақсатында өткізілген жиында сөз алған Нұрлан Жалилдинұлы жобаның мақсаты мен міндеттері, жоба шеңберінде қамтылуы тиіс бағыттар туралы айтып өтті.
Жалпы жоба шеңберінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың профилактикасы, жер мәселесі, қоғамда әлеуметтік шиеленістерді тудыруы мүмкін проблемаларды болдырмау бойынша қабылданған шаралар, кәмелетке толмағандар мен жұмыссыздық деңгейін төмендету мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалып, анықталған кемшіліктер негізінде мемлекеттік органдарды, мерзімдер мен жауапты адамдарды белгілей отырып оларды жою бойынша жұмыстар атқарылатын болады.
Кездесу барысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдира Кизбай, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Тұрсынбек Қалау, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Нұрдәулет Бабашовтар баяндама жасап, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасап, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары аудан прокуратурасымен бірлескен құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету мақсатындағы «Тиімді көмек» жобасы аясында көшпелі кездесу өткізу қолға алығанын айта келе, желілік кестеге сәйкес барлық ауыл округіндегі тұрғындармен кездесулер өткізіліп, ұсыныс, талап-тілектер тыңдалып, заң тұрғысынан тиісті жауаптар берілетінін атап өтті.
Ол өз сөзінде: «Бүгінгі кездесуді өткізудегі негізгі міндет тұрғындар арасында көтерілген түйткілді мәселелер мен құқық бұзушылықтарды анықтап, оларға заңдылық тұрғысынан тиімді көмек көрсету. Сондықтан сіздердің сауалдарыңыз бен пікірлеріңіз негізге алынып, жан-жақты сараланып, мамандар тарапынан оң шешімін табуға тиісті көмектер көрсетілетін болады»,-деген Айдос Құлмаханұлы тұрғындарды толғандырған мәселелер болса тыңдауға дайын екенін жеткізді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*