Полицейлерге тура жолдың бойында сұрақ қойып, жауап алыңыз. Тәртіп сақшылары «Жолда қабылдау» акциясын жалғастыруда. Оның мақсаты қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарға кеңестік және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.
Ағымдағы жылдың17-18 маусым аралығында аудан аумағындағы 13 ауыл округте «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Акция барысында ұйымдастырылған 3 кездесуге 20-ға жуық азамат қатысып, оннан астам сауал қойылды. Қойылған сұрақтардың басым бөлігі көші қон саласы бойынша, шетел азаматтарын тіркеу тәртібі туралы болды. Өткен акция бойынша мәліметтер жергілікті «Отырар алқабы» газетіне мақала ретінде беріліп, аудан аумағында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған акция алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Акция жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын сақтау, соның ішінде, автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін, төлқұжаттар мен жеке куәлік беру, жол қозғалысын ұтымды ұйымдастыру, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде құқықтық түсіндіру жұмыстарын іске асыруды көздейді.