Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Отырарлық полиция қызметкерлері мерекені атап өтті

Отырарлық полиция қызметкерлері мерекені атап өтті

Бүгін аудандық мәдениет сарайында «Қазақстан полициясына 30 жыл» толуына орай салтанатты іс-шара өтті.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов, аудандық полиция бөлімінің бастығы, подполковник Ермек Өсербаев, ішкі істер органының ардагерлері мен жеке құрам қатысты.
Сахна шымылдығы мерекелік бейнероликпен бастау алып, еліміздің Әнұраны шырқалды.
Алғашқы құттықтау сөзді алған аудан әкімі Сәкен Асылханұлы полиция қызметкерлері мен ішкі істер органының ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Еліміздің тыныштығын күзетіп, қылмыстардың белең алуына тойтарыс беріп, ел мүддесі жолында елеулі еңбек еткен бірқатар полиция қызметкерлерін марапаттаған аудан басшысы мереке иелерінің алдағы қызметтеріне табыс тіледі.
Сондай-ақ аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ерман Дайрабаев, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Абай Құрман, аудандық полиция ардагерлерінің төрағасы Жұмахан Әбдіқадыровтар да полиция қызметкерлеріне алғыс хаттарын табыс етті.
Одан әрі құттықтау сөзін аудандық полиция бөлімінің бастығы, подполковник Ермек Өсербаев алып, халықтың тыныштығы үшін қызмет етіп, күндіз-түні еңбек етсе де шаршамайтын аудан полицейлеріне ыстық лебізін білдірді. Құттықтау сөзінен соң Ермек Әліпбекұлы да жыл бойы жақсы нәтижелерімен көзге түскен бірқатар полицейлерімізге құрмет көрсетіп, алғыс хатпен марапаттады.
Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, қонақтар естелікке суретке түсіп, ерекше көңіл-күйде тарқасты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*