Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «BARCAMP–2022» ШЫМКЕНТТЕН БАСТАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «BARCAMP–2022» ШЫМКЕНТТЕН БАСТАЛДЫ

Азаматтық қоғамның дамуына арналған халықаралық «BARCAMP–2022» іс-шарасы үшінші мегаполистен басталып, күнгейдің табиғат аясында жалғасады. Алғаш рет қызықты форматта қолға алынып отырған 3 күндік іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен бөлек көрші Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінен үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік орган делегаттары мен қоғам белсенділері қатысуда.
Шымкенттегі «Азаматтық ресурстық орталық» алаңында еліміздің әр өңірінен келген және шетелдік үкіметтік ұйым өкілдері бас қосып, өзара танысты. Алғашқы сөзді алған Шымкент қалалық Азаматтық Альянс төрағасы Жұмағали Білісбеков қатысушыларды таныстырып өтті. Одан кейін көпшілікке «BARCAMP–2022» модераторлары мен іс-шараның жалпы бағдарламасы таныстырылып, шымкенттік және басқа қалалардағы үкіметтік емес ұйымдар өздері туралы баяндады.
– Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері болып табылатын үкіметтік емес ұйымдар болып, бірігіп, әрі қарай азаматтық қоғамды дамытуға қажет стратегиялық бағыттарды анықтау, қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар мен кеңестерді талқылау. Үш күндік ақылдасу барысында азаматтық қоғамды дамытуға қатысты пәрменді шаралар анықталады деп күтіп отырмыз. Пікірталас арқылы нақты қадамға келу – маңызды, – дейді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам істері комитетінің басқарма басшысы Жанаргүл Әлжанова.
Бұдан кейін іс-шараға қатысушылар Төлеби ауданына аттанбақ. Сонда екі күн бойы табиғат аясындағы тимбилдингте азаматтық қоғамды дамыту туралы талқыламақ.

Басқосуға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Айгүл Қапбарова мен Ғани Ташқараев, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен ірі бизнес құрылымдардың өкілдері қатысады деп жоспарланған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*