Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкентте шетелдік жұмыс күшін тартуға 500-ге жуық квота бөлінді

Шымкентте шетелдік жұмыс күшін тартуға 500-ге жуық квота бөлінді

Шымкент қаласына 2022 жылға жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 408 бірлік квота бөлінді. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Атап айтар болсақ, 1 санат – 11 адам, 2 санат – 44 адам, 3 санат – 331 адам, 4 санат – 22 адам бірлік квота бөлінді. Бүгінде бөлінген квота негізінде 21 кәсіпорындар мен ұйымдарда 215 (1 санат – 8 адам, 2 санат – 13 адам, 3 санат – 189 адам, 4 санат – 22 адам) шетел азаматтарының рұқсаты қолданыста, және 7902 Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыс жасауда. Қазақстандықтардың үлесі 97,3 пайызды құрайды. Тартылып жатқан шетел жұмыс күшінің білікті мамандарының үлесі – 97,6 пайыз. Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені үшін және ұзартқаны үшін жыл басынан бері 27,5 миллион теңге алым жергілікті бюджетке түсті. Айта кетейік, қаламызда жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде 2022 жылға 41 шетел жұмыс күшін тартатын мекеме 914 шетел жұмыс күшіне сұраныс жасалып, сұраныс жасаған мекемеге келер жылы 501 квота қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №802 қаулысына сәйкес жұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігі жөніндегі өтінімдер ұсынады. Ұсынылған өтінімдердің негізінде шетелдік жұмыс күшіне квота қалыптастырылды.

Шымкент қаласына биылғы жылға жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға 322 (1 санат — 9 адам, 2 санат — 32 адам, 3 санат — 270 адам, 4 санат — 11 адам) бірлік квота бөлінді. Бүгінде бөлінген квота негізінде 31 шетел жұмыс күшін тартқан кәсіпорындар мен ұйымдарда 237 шетел азаматтарының рұқсаты қолданыста, осы мекемелерде 12409 ҚР азаматтары жұмыс жасауда. Қазақстандық қамту бойынша 98,1 пайыз. Тартылып жатқан шетел жұмыс күшінің білікті мамандарының үлесі 96,2 пайыз. Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені үшін және ұзартқаны үшін жыл басынан бері 81,9 млн теңге алым жергілікті бюджетке түсті.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*