Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ҚЫЗМЕТІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ҚЫЗМЕТІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Шымкентте қазіргі уақытта жалпы 9 медициналық ұйымда қалпына келтіру және оңалту емі жүргізілуде.
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар, медицина саласындағы оң өзгерістер мен қаладағы эпидемиологиялық ахуал төңірегінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
– Қаламызда балаларды оңалту қызметі дамып келеді. Қазіргі уақытта жалпы 9 медициналық ұйымда қалпына келтіру және оңалту емі жүргізілуде. Жалпы тәуліктік балалар төсек-орын саны — 391, күндізгі төсек орын саны — 101. Осы жылдың 6 айында оңалтудан өткен жалпы бала саны – 3 773. Өткен жылмен салыстырғанда 865 балаға көп. Тәулік бойы стационарда 2 842, күндізгі стационарда 931 бала оңалтудан өткен.
Шымкент қаласындағы оңалту емін жүргізетін оңалту орталықтары мультитәртіпті команда, реабилтолог дәрігерлер, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, эрготерапевтер, психологтар, логопедтер, дефектологтар, әлеуметтік педагогтар, сондай-ақ түзету педагогтары (ойын, музыка терапевттерімен, монтессори-терапия мамандарымен қамтамасыз етілген, — деді басқарма басшысы.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековтің айтуынша, қалада жүйке ауруларымен диспансерлік есепте 2 497 бала тұрады. Оның ішінде ДЦП ауруымен 1 164 баланың 893-і оңалту емінен өткен. Орта білім беретін 142 мектепте медициналық пункттер жұмыс істейді.
Профилактикалық тексеруге жататын 225 737 оқушының оқу жылы ішінде 146 729-ы тексеруден өтті. Бұл жоспарланған 50% қамтудың 65%-ын құрайды. Балалардың 33%-ы профилактикалық иммундаумен жасы бойынша қамтылған, жоспар бойынша (30-33,2%).

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*